ПСОРОЛАЙТ КРЕМI

Қол жетімді емес
Сипаттама

ПСОРОЛАЙТ кремі райтия красиль майына, шаттауық жапырақты псоралея сығындысы мен салицил қышқылына бай. Ол құрғақтануға, қабыршақтануға бейім теріге күтім жасауға арналған, теріні ажарлы және көрікті етеді.

 

ҚҰРАМЫ

Стеарин қышқылы, глицерин, жеңіл сұйық парафин, глицерилмоностеарат, ПЭГ-100 стеарат, алоэ вера сығындысы, цетил спирті, салицил қышқылы, райтия красиль майы, шаттауық жапырақты псоралея сығындысы, ши майы, түтін, титан диоксиді, лимон қышқылы, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, этилендиаминтетрауксус қышқылының динатрий тұзы, бутилгидрокситолуол, су.

 

КОСМЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Райтия красиль майы, шаттауық жапырақты псоралея сығындысы және салицил қышқылы әдетте теріге күтім жасауға арналған өнімдерде қолданылады. Осы үйлескен компоненттер терідегі өлі жасушаларды жұмсақ түрде жойып, теріге нәр сыйлайды, сондай-ақ құрғақтық пен қабыршақтанудан болатын қышу сезімін азайтады.

Бұл өнім бұзылған тері мен бас терісінің күйін, сырт көрінісін жақсартады.

 

ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

ПСОРОЛАЙТ кремі құрғақ, қабыршақтанатын және қышу сезімі бар теріге және бас терісіне күтім жасауға арналған, жүйелі түрде қолданғанда терінің күйі, жағдайы, сырт көрінісі жақсарады.*

 

ҚОЛДАНУ ШЕКТЕУЛЕРІ

ПСОРОЛАЙТ кремін құрамындағы кез келген затқа жоғары сезімталдығы бар адамдарға қолдануға болмайды.

 

АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Тек жергілікті қолдануға арналған. Көздің айналасына жағуға болмайды.

Зақымданған теріге жақпаңыз. Ашық жаралар мен кесілген жерлерге жағуға болмайды.

Кремді көзге, мұрынға, ауызға және шырышты жерлерге тигізбеңіз.

Көзге тиген жағдайда жақсылап жуу керек.

Сізге жақпай қалса пайдалануды тоқтату керек. Қажет болған жағдайда, маманға жүгіну керек.

 

ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

ПСОРОЛАЙТ кремін таза теріге, күтім қажет ететін жерге жағып, толық сіңгенге дейін жаймен уқалаңыз. Күніне 2 рет жаққан жөн.

 

БОЛУЫ МҮМКІН ЖАҒЫМСЫЗ БЕЛГІЛЕР

ПСОРОЛАЙТ кремінің құрамында өсімдіктен алынған заттар мен салицил қышқылы бар. Сирек жағдайларда терінің қызаруы, жану сезімі, қышыну, тітіркену немесе бөртпе сияқты реакциялар пайда болуы мүмкін. Крем жақпай қалса немесе жағымсыздық сезімін тудырса, оны пайдалануды тоқтатыңыз. Қажет болған жағдайда маманға жүгініңіз.

 

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Пайдаланбас бұрын заттың компоненттеріне аллергияның жоқтығына көз жеткізу керек.

Тері зақымданған болса немесе бас терісі қатты тітіркеніп тұрса, кремді қолданбаңыз.

Көзге, ауызға және шырышты жерлерге тигізбеңіз.

Тиген жағдайда жақсылап жылы сумен жуу керек.

Тітіркену немесе жайсыздық пайда болған кезде өнімді пайдалануды тоқтату керек.

Өз бетіңізше осы кремді теріге арналған басқа өнімдермен бірге қолданбаңыз. Олардың үйлесетінін-үйлеспейтінін маманнан сұраңыз.

 

САҚТАУ

Салқын, құрғақ жерде сақтау керек. Қыздырудан және тікелей күн сәулесінен сақтаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.

 

ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

Дайындалған күнінен бастап 3 жыл.

 

ҚАПТАУ

Ақпараттық қағазы бар, қорапқа салынған пластикалық банкада 100 г.

 

ӨНДІРУШІ

Elegant Cosmed Pvt. Ltd., Plot No.- 32 & 33, G.I.D.C. Kuvadava, Rajkot- 360023, Gujarat, India.

Тұтынушыдан шағымдарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген дистрибьютордың атауы және орналасқан жері:

Ресей Федерациясында — «ПЕРОЛАЙТ» (ООО), ЖСН 7716859156, сайт https://perolite.ru, тел. +7 901 244-47-47, эл.пошта info@perolite.ru

Қазақстан Республикасында — «ПЕРОЛАЙТ» (ООО), БСН 240940029752, тел. +7 707 623-36-98, сайт https://perolite.kz, эл.пошта info@perolite.kz

 

*Бұл крем - құрғауға және қабыршақтануға бейім терінің күйін жақсартуға арналған косметикалық өнім. Бұл дәрі емес және оны дәрі-дәрмектің аналогы немесе алмастырушысы ретінде қолдануға болмайды.

Толық көрсету Жыйрату
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг
1 шт.
Перейти в корзину